Сипаттамасы
Ылғалды жөтелді емдеуге арналған герметикалық тубадағы (ақ түсті) еритін таблеткалар.
Қолдану көрсетілімдері
600 мг дозадағы, еритін таблеткалар түріндегі Муконекс-С муколитигі бронхиалдық сөлдің шамадан тыс бөлінуімен байланысты тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларын емдеуге арналған.
Дозалау тәртібі
- Ұсынылатын тәуліктік доза: 1 таблетка күніне бір рет, бөлме температурасындағы 200 мл суға ерітіп.
- Емдеу ұзақтығы: 5-тен 10 күнге дейін.
Созылмалы ауруларды емдеу кезінде қабылдау ұзақтығы 6 айға дейін созылуы мүмкін (тек дәрігердің тағайындауы немесе ұсынымы бойынша).
Құрамы
Еритін таблеткалар түріндегі Муконекс-С муколитигі шырыш пен қақырықты тыныс жолдарынан шығаруды жеңілдету үшін қолданылатын муколитиктер тобына жатады.
Қосалқы заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, натрий цитрат дигидраты, сусыз лактоза, маннитол, сукралоза, лимон хош иістендіргіші, полиэтиленгликоль 8000 (микронизделген), магний стеараты.
Әсер ету механизмі
Муконекс муколитигінің дайын ерітіндісі жөтелмен ауыратын науқастардың қабынған бронхтарында жиналған қақырықты жояды және оның бөлініп, ағзадан шығуын жеңілдетеді.
Белсенді заттар
Муконекс-С құрамында ацетилцистеин мен аскорбин қышқылы (С дәрумені) бар.
Ацетилцистеин – қақырықты тұтқыр ететін полимерлі ақуыз қосылыстары мен нуклеин қышқылдарын бұзып, қарқынды муколитикалық және сұйылтушы әсер етеді. Сондай-ақ ол тотығу радикалдарының әсерін тежейтін антиоксидант ретінде тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының қорғаныс механизмдерін күшейтеді.
Құрамындағы С дәрумені ағзаның қорғаныс қабілетін арттырып, науқастың сауығуын жеделдетеді.